Қоғам

Еңбегі ерен жауынгер

Адам өміріне араша түсіп, жалындаған тілсіз жаумен күресте төтенше жағдайлар қызметкерлерінің еңбегі ерен. Құтқарушылардың қызметі қашан да қауіп-қатерге толы. Соған қарамастан адал еңбек иелері күн сайын тосыннан туындайтын қызыл жалынмен бетпе-бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысады. Нағыз ер-азаматтарға, жүректілерге ғана тән мамандықты таңдағандардың бірегейі – Ернар ИСКАКОВ. Ол 2013 жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға инженер болып жұмыс істейді.

«Өрт сөндіруші болуды бала кезімнен армандадым. Мен бұл мамандықты адамдарға көмектесу, жақсылық жасау үшін таңдадым. Өрт сөндіруші жан-жақты болуы керек. Спортшы әрі өз ісінің шебері болуы керек. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Жауынгерлік кезекшілік таңғы 8-ден басталады. 8:15-те саптық түзеу жүргізіледі, содан кейін өрт техникасын қабылдау, құжаттарды қабылдау ісі жүргізіледі. Сабақтар 9:30-дан 12:00-ге дейін өткізіледі. 12:00-ден 13:00-ге дейін нормативтік жаттығулар орындалады. Өрт сөндірушінің толық киімі жауынгерлік киім мен «draegen» тыныс алу аппаратынан тұрады. Біз түтіннен қорғану үшін осы аппаратты киеміз. Өрт кезінде денесін күйік шалып немесе о дүниелік болған жандарды көзбен көру өте қиын. Мүлік, құжаттарынан айырылу оның алдында түк емес. Елде жүректі ауыртар оқыс оқиғалар болмаса деп тілеймін» дейді Е.Искаков.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button