Жаңалықтар

Әр шаңырақта – шаттық көңіл-күй

Қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «30 игі іс» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше күтімді қажет ететін балалар мен көпбалалы ата-аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.Департамент басшылары көпбалалы қызметкерлердің шаңырақтарына барып, балаларға мерекелік сыйлықтар табыстағаннан кейін Департамент ғимаратында салтанатты құттықтау шарасын өткізді. «Біздің ұжым жыл сайын мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлауды дәстүрге айналдырған. Биылғы пандемияға байланысты бүгінгі шараға балалар келе алмаса да олардың ата-аналары қатысуда. Жаңа жыл елімізге құт-береке әкелсін. Ең бастысы, амандықта болайық» деді Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button