Басты ақпаратЖаңалықтар

МӘМІЛЕЛЕСIМIЗ – МАЛАЙЗИЯ

ERA_9572

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық-инновациялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтудің негізгі бағыттарын талқылады деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Малайзия Премьер-Министріне сапармен келгені, сондай-ақ Астана экономикалық форумына қатысып, оның деңгейін көтеруге ықпал еткені үшін алғыс айтты.

– Соңғы үш жылда біз үш рет кездестік, бұл елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға серпін береді. Былтыр көрсеткіштердің 14%-ға артқанына қарамастан, 130 миллион доллар тауар айналымы көлемінің жеткіліксіз екенін айтқан жөн. Бұл бағытта бізде зор перспектива бар. Елдеріміздің және жеке өзіміздің арамызда қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қарым-қатынас Сіздің сапарыңызды екіжақты ынтымақтастық үшін пайдалы болады деп айтуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Наджиб Тун Разак Форумға қатысуға ғана емес, ресми сапармен келуге де шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

– Маған Астана экономикалық форумының ашылу рәсімі үлкен әсер қалдырды. Оған осынша көп адамның қатысуы шараның беделі қаншалық өскенін көрсетеді. Осындай Форум өткізу арқылы өзекті халықаралық мәселелердің талқылануына Сіздің қосып отырған үлесіңізді атап айтқым келеді, – деді Малайзия Премьер-Министрі.

Наджиб Тун Разак бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың деңгейі өсіп келе жатқанын, ол бұған дейінгі кездесулер барысында межеленген уағдаластықтарды жүзеге асыруға оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көлік-логистика саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Малайзия Премьер-министрі өзара іс-қимылды мемлекетаралық деңгеймен қатар халықаралық құрылымдар аясында да нығайтудың мән-маңызына назар аударды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button