Мәслихат

Мәслихаттардың мерейтойында марапатталды



Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдық мерейтойына орай қалалық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Парламент Сенатының Құрмет грамоталары және Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы «Бірлік» алтын медальдарымен марапатталды. Салтанатты шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәслихаттар мерейтойымен құттықтап, елорда мәслихатының барлық шақырылым депутаттарына, мәслихат аппараты қызметкерлеріне, мемлекеттік қызмет ардагерлеріне «Қазақстан мәслихаттарына-25 жыл» мерейтойлық медалі тапсырды.– Елорда мәслихатының барлық кезеңінде, яғни алты шақырылым уақытында 347 сессияда 2400-ден астам мәселе талқыланды. Бұл – тұрғындарға тікелей байланысты мәселелер. Егер біз өмір сүру сапасының артуы туралы айтатын болсақ, 1998 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 65 жыл болса, қазір 76 жасқа дейін өсім байқалады. Бұл – нақты нәтиже. Егер 10 жыл бұрын қалада 605 мың адам тұрса, қазір 1 миллион 200 мың адам тұрып жатыр. Сәйкесінше, әлеу­меттік нысандарға жүктеме өсуде. Оларды шешу үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сіздерді мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Сіздер үлкен және жауапты жұмыс атқарып келесіз, – деді қала басшысы.
Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Нұр-Сұлтан қаласының Құрметті азаматы, елорда мәслихатының III ша­қырылым депутаты Мырзатай Жолдасбеков алғашқы сөз алып, Тәуелсіздігіміздің нығаю жолындағы мәслихаттардың ерекше рөлін атап өтті. Парламент Сенатының депутаты, «Қазақстан мәс­лихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы ­Төлеубек Мұқашев өз кезегінде өкілетті органдардың болашақтағы даму жолдарына және мәслихаттардың құзыретін кеңейту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров мәслихаттың ширек ғасыр бойы жергілікті атқарушы органмен бірге маңызды мәселелерді шешу жолында нәтижелі жұмыс атқарып келе жат­қанын атап өтті. Мәслихаттардың араласуымен жергілікті мемлекеттік басқару және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобаларына ұсыныс­тар енгізілгенін, күрделі мәселелер шешімін тапқанын айтты.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button