ЖаңалықтарМәслихат

МӘСЛИХАТТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ



ERA_3142-1

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен Қа­зақ­стан Респуб­ликасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өтті.

Жиынды Астана қалалық мәсли­хатының хатшысы Сансызбай Есілов жүргізсе, алғашқы сөзді қала әкімі алды. Әділбек Жақсыбеков өз сөзінде қалалық мәслихаттың қызметі мен шешімдері әр астаналыққа қатысты екенін айта келіп, жергілікті заң шы­ғарушы орган ретінде мәсли­хаттың мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ерекше үлесі бар екенін жеткізді. Сондай-ақ, мәслихат сессияларында елорданы дамытуға қатысты ең өзекті мәселелер бойынша шешім­дер қабылданғанына тоқталды.

Бұған қоса, Әділбек Жақсыбеков мерейлі даталардың сәйкестігіне де назар аударды. Тура 20 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет астанасын Ақмола қаласына, бүгінде барша елге сүйікті Астанаға ауыстыру туралы шешімін жариялаған болатын.

«Сол 1994 жылы әлеуметтік-эко­номикалық талаптар жаңа көзқарасты, барша басқарушылық жүйені қайта құруды, нарықтық экономика заң­дылықтарына негізделген өмір сүру тәртіптерін енгізуді талап еткен болатын. Сондай тарихи маңызды ке­зеңде қалалық мәслихат депутаттары елорданың қалыптасуына зор үлесін қосты» деді әкім.

Жиын барысында елорда басшы­сы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін бірнеше депутатты медальдармен және құрмет қағаздарымен марапаттады.

Елорданың жергілікті өкілдік органы – Астана қаласы мәсли­ха­тының хатшысы Сансызбай Есілов те барлық депутаттар алдында Мем­лекет Басшысы көрсеткен «Қа­зақстан-2020» стратегиясы және Елбасының «Нұрлы жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жол­дауындағы бағдарламаларды іске асыру жөнінде аса маңызды мін­деттер тұрғанын тілге тиек етті.

«Болашаққа ұмтылған жаңа Қа­зақстанның алғашқы қадамдары ретінде 1993 жылы Конституция мен «Жергілікті өкілеттік және атқа­рушы органдары туралы» заңның қа­былдануын айтуға болады. Аталған Заңның қабылдануынан бастап Қазақстанның өкілеттік органдары өз тарихын күні бүгінгі дейін маңдай терімен жазып келеді. Сонымен қатар, 1994 жылы жергілікті өкілдік орган­дары, мәслихаттарға алғашқы де­пу­тат сайлаулары өткен болатын. Ал 1994 жылы 1 сәуірде Ақмола қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті деді мәслихат хатшысы.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button