Мәслихат

Бесінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына

2014 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10.00-де қалалық мәслихат­тың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) бесінші шақырылған Астана қалалық мәс­ли­хатының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы;
  2. Астана қаласы мәслихаты хатшысының маслихат қызметін ұйымдастыру жөнінде атқарған жұмысы бойынша есеп беруі туралы;
  3. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы «2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдар­лама­сы туралы» шешіміне өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Қалалық мәслихаттың заң­ды­лық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
  5. Астана қаласының автотұ­рақ­тары (паркингтері) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары туралы;
  6. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы;
  7. Орта мерзімді кезеңге 2014-2060 жылдарға арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі туралы;
  8. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  9. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  10. 1 Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Қалалық мәслихаттың сессия­сында айтылған сын пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы;
  12. Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы;
  13. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы.

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

 

Астана қаласы  мәслихатының хатшысы                С.Есілов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button