#Жаңа Қазақстан

Мемлекет қуаты – әділдікте



Республика күні – қайсар рухы мықты еліміздің тәуелсіздік жолындағы аса маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейтін және тәуелсіз ұрпақтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін тәуелсіздік пен бірлік мерекесі.

25 қазан – тәуелсіздікке деген алғашқы маңызды қадам, тәуелсіздігімізді ұлықтайтын атаулы мереке. Оған алғашқы қадам 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Тәуелсіздік туралы декларацияны қабылдаудан басталған. Ал қазіргі таңда бұл заңдылықтың сақталуын және мемлекет пен қоғам арасындағы құқықтар мен мүдделерді қорғауға бірден-бір жауапты негізгі орган прокуратура органы болып табылады. Сондықтан Рес­публика күні әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ететін органдар үшін ерекше маңызды деп айта аламыз.

Бүгінгі таңда прокуратураның басты міндеті – елдегі заңдылықты, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Прокуратура барлық заң мен нормалардың сақталуын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын және де мемлекет мүддесін ешкім бұзбайтынын қамтамасыз етіп келеді және әрі қарай қамтамасыз ету үшін талмай еңбек атқаруда. Қанша жылдар бойы аңсаған, төгілген тердің және табанды еңбектің нәтижесінде келген тәуелсіздік үнемі қорғауды және заңдылық қағидаттарын ұстануды талап етеді. Осы тұрғыда прокуратура органдары заңдылықтың негізгі қамқоршысы және мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда тұрғандығын атап өткен жөн.

25 қазан Тәуелсіздіктің маңыздылығын еске салады, ал прокуратура органдары оны мемлекеттің заңдылығы мен мүдделерін қорғау арқылы қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Нұрлан НҰРСЕЙІТОВ,

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы

 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button