Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ. 13-14 қараша



Таяуда өткен Астана қалалық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумында ұйымдық мәселе қаралды.
Пленум бұрынғы төраға Бекен Әлімжановты өз өтініші бойынша қызметінен босатып, оның орнына Амангелді Хамзаұлы Сыздықовты бірауыздан сайлады.
* * *
20 қарашада «Астана Опера» ұсынады» абонементінің аясында аталмыш театрда камералық оркестр мен аспапты ансамбльдердің тұсаукесер концерті өтеді. Кеш бағдарламасында В. Моцарт, К.М. Вебер, Э. Грига, Й. Штраус, Н. Римский-Корсаков, Ф. Пуленка, А. Пьяццолла, А. Федянин, А.Ильинский және басқа композиторлардың шығармалары орындалады. Концертке Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» арқау болады.
* * *
Елордада № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қалалық емханаларда, сондай-ақ, «Open Clinic», «Медикер», «МедЛайн», «Фармаком» ЖШС, «Интертич» СДА, «Медикал Ассистанс Астана», «Le bonne sante», «Архимедес Қазақстан» медицина орталықтарында – барлығы он бес орында ақылы екпе ұйымдастырылды. Уақытылы екпе алу тұмаудан сақтанудың тиімді шарасы болып табылады.

 

САНСӨЙЛЕМ: 

75900  

биыл он айда елордада осыншама шетел азаматы тіркелген.

КЕШЕ

Бейбітшілік және келісім сарайында Санкт-Петербургтің Астанадағы күндері аясында картиналар көрмесі ұйымдас-тырылды.

БҮГІН 

Қазіргі заманғы  өнер мұражайында Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері Асғат Дінікеевтің «Дала кентаврлары» атты жеке көрмесі ашылады.
ЕРТЕҢ 

ҚазҰӨУ-дің Орган залында Тимур Жартыбаев пен Әкім Мұхатжановтың дирижерлік етуімен Астана қаласы мемлекеттік филармониясы үрмелі оркестрінің концерті өтеді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button