Жаңалықтар
Нақ-нақ. 7-8 қазан
- Астанада үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің 4 бөлімі жұмыс істейді. Бүгінде олар 313 жалғызбасты қария мен еңбекке қабілетсіз азаматқа қол ұшын беруде.
- Астана қаласы Ішкі істер департаменті қылмыстық іздеу саласының 95 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерекеде жедел бөлімнің үздік қызметкерлері бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
- 2013 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Астана қаласы халқының саны – 800 656 адамға жетті. 2013 жылғы 1 қаңтардағы есепте халық санының тығыздығы шаршы шақырымға 1096 адам еді. Соңғы мәліметтерде Астана халқының орташа жасы 30 жас болып отыр.
- «Astana Mall» ойын-сауық орталығында «Би территориясы» шоуының іріктеу туры өтті. Қостанай, Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар және Өскемен қалаларынан 150 жуық адам қатысқан 15 бишілер тобы командасы «Үздік команда» атағы үшін бақ сынасты.