Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады



Akorda

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар провинциясында көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button