SportБасты ақпарат
Ольга Рыпакова – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында үш қарғып секіруден жарыс өтті.
Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова қола медаль ұтып алды. Оның нәтжесі – 14,74 метр. Ал, колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17 м) Олимпиада чемпионы атанса, венесуэлалық Юлимар Рохас (14,98 м) 2-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл қола медаль Қазақстан Ұлттық құрамасының Риодағы 8-ші жүлдесі.
Фото: Изтурган Алдауев