Қала тіршілігі

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫМЕН БІРГЕ ЖАТТЫҚТЫ



Елімізде салауатты өмір салтын қалыптасты­ра­тын қызметтің құрылғанына 20 жыл толуына орай «Денсаулық фестивалі-2017» өтті. Аталған шараны Астана қаласының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.

Астана қаласы денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, фестиваль 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» медицина саласын дамыту мем­ле­кеттік бағдарламасының жос­парын жүзеге асыру аясында өтті.

– Жалпы Астананы спорт қаласына жатқызуға болады. Сіздер білесіздер, Астанада көптеген бұқаралық спорт­тық шаралар өтіп тұрады. Сон­дықтан біздің тұрғында­рымыз мұндай шараларға үйренген және осындай бастамаларға сөзсіз, жақсы қабылдап, қатысады деп ойлаймын. Жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны көбейетініне сенімдімін. Бұл өте дұрыс! Өйткені, физикалық белсенділік деңгейі ұлттың дамуымен, мәдениет деңгейімен тікелей байланысты, – деді ол.

«Денсаулық фестивалі-2017» шарасы барысында олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев және Бақтияр Артаевпен бірге жаттығу жасалды. Сондай-ақ фестиваль аясында «Жүру марафоны», «Біз салауатты өмір салты үшін» акциясы «Сау рух» ұранымен жарыс, «Менің денімнің саулығы – елімнің саулығы» флешмобы ұйымдастырылды. Жарыс­тарда ерекше көзге түскен спортшылар Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button