Қала тіршілігі

ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ



Астанада 18-20 наурыз күндері күрес түрлерінен биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін іріктеу турнирі өтеді.

Қазақстан атынан осы жарыста сынға түсетін балуандар тізімі жарияланды. Еркін күресте Мейіржан Әшіров (64 келі), Ғалымжан Өсербаев (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі) және Дәулет Шабанбай (125 келі) ел намысын қорғайды. Ал әйелдер күресінде Жұлдыз Эшимова (48 келі), Зульфия Яхиярова (53 келі), Айым Әбілдина (58 келі), Екатерина Ларионова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі) және Гузель Манюрова (75 келі) лицензия үшін күресетін болады.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button