Жаңалықтар

Елордалық боксшылар ерледі

Финляндия астанасы Хельсинкиде өткен Gee-Bee халықаралық турнирінде елор­далық бокс­шылар Данияр Елеусінов пен Василий Левит жеңімпаз атанды.

Халықаралық жарыста 69 келі салмақта сынға түскен Данияр Елеусінов финалда Еуропа чемпионы Эймантас Станионисті тізе бүктірді. Ал 91 келіде өнер көрсеткен Василий Левит шешуші жекпе-жекте ирландиялық Даррен О Нейлден басым түсті.

Осы жарысқа қатысқан Біржан Жақып (49 келі) пен Берік Әб­дірахманов (60 келі) ширек финалдан өте алмады.

Әлем чемпионы, Азия ойын­дарының екі дүркін жеңімпазы Данияр Елеусінов өткен жылғы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанып, Рио-де-Жанейро ойындарына лицензия алған. Василий Левит те «Астана арландары» сапында WSB турнирінің жеңімпазы ретінде Бразилия астанасында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button