Ел тынысы

Тұрақты комиссиялардың отырысы өтті

Қалалық мәслихатта өткен аптада тұрақты комиссиялардың отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Сенбі күні Азамат Айтхожиннің төрағалығымен өткен заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында жер телімін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды келісу жайында мәселе қаралды.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейсен Үсенов сөз сөйлеп, мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылатын, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алуға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ұсынды. Отырыс жұмысына өтемақы сомасымен келісетін жер учаскелерінің иелері онлайн режимде қатысты.

Меншік иелерімен кездесу барысында тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин оларға жүгінді және олар өтемақы сомасымен келіскендіктен, шарт жобаларын келісу бойынша мәселе кезектен тыс сессияны талқылауға шығарылатынын және ол бойынша тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ бейсенбі күні Асқар Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі және Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың отырысы өтті.

Алғашқы отырыста депутаттар «Мәдени кластерлер арқылы білім беру мен мәдени сауаттылықты дамыту. Мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Елорданың брендбугін құру» сұрақтарын қарады.

Ал екінші отырыстың күн тәртібі: «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильдік тұрақты тасымалдауға тарифтерді келісу туралы» болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button