Ел тынысы

Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған спорт фестивалі өтеді

Жеңіс күніне орай Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың рухына бағышталған айтулы мәдени-спорттық іс-шара өтпек, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары Әбубәкір Смайылов мәлім етті.

«26 мамырда елордадағы Триатлон паркінде Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған спорт фестивалі өтеді. Ол жерде жүгіру, арқан тарту, асық ату, кір тасын көтеру және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Спорттық шарадан тыс, концерт болады, көпшілік алдында Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық ұланның ән-би ансамблдері өнер көрсетеді», – деді Әбубәкір Смайылов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Аталған шараны ұйымдастыруға қоғамдық бірлестіктен бөлек, Қорғаныс министрлігі мен елорда әкімдігі ұйытқы болып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button