Қала мен Сала

ПАРАСАТТЫ ЖАНҒА МАРАПАТ



KBB_4014

Белгілі қоғам қайраткері Күләш Әскеева 95 жасқа толып отыр. Осыған орай Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова бар ғұмырын саналы еңбек пен ұрпақ тәрбиесі жолына арнаған қайраткердің шаңырағына бас сұғып, мерейтойымен құттықтап қайтты.

Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева сұрапыл соғыстың ауыртпалығы мен қиыншылығына қарамастан, елінің ертеңі үшін еңбек еткен парасатты зейнеткерге Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың атынан алғысхат тапсырды. Хатта Күләш Әскей­қызының соғыс жылдары және соғыстан кейінгі қиын кезеңдердегі ел әлеуетін көтеру жолындағы қажырлы еңбегі мен қайсарлығының кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылған.

Аида Балаева өз кезегінде туған күн иесінің жанқиярлық еңбегі мен еліміздің дамуына қосқан үлесінің болашақ ұрпақ үшін айрықша зор екендігін атап өтіп, мерекелік гүл шоғы мен түрлі-түсті теледидар тарту етті.

Күләш Әскеева 1921 жылы 3 қыр­­күйекте Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол партия қатарында нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің хатшысы, одан кейін облыстық, республикалық, одақ деңгейінде лауазымды қызметтер атқарды. 28 жасында Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» және «1941-1945 ж.ж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» секілді мемлекеттік орден-медальдарының иегері атанды. Қазақ КСРО Жоғары Кеңесі президиумының алтын және күміс медаль иегері.

Бүркіт НҰРАСЫЛ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button