Қала тіршілігі

ПОЛИЦИЯ – СЕНІҢ ДОСЫҢ



Кәмелетке толмағандарды полиция қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру, сондай-ақ, оларды қоғамдық орындар мен жол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үйрету мақсатында елордада 16-20 ­қазан аралығында «Мен және менің полицейлерім» атты республикалық шара өтуде.

Шара аясында Оқушылар сарайы аумағында мектеп оқушыларына полиция қызметкерлерінің арнаулы техникалары көрмесі мен үйретілген қызмет иттері көрсетілді.
Көрмеге келген оқушылар алаңға қойылған тікұшақ пен төрт полиция жеңіл көлігі мен мотоцикліне отырып, оларды басқарып, жүргізу мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара барысында ішкі істер органы қыз­меткерлері құқық бұзушылық пен тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жыныстық қол сұғылмаушылыққа бай­­ланысты «Полиция – дос және қорғаушы» тақы­рыбында лекция, әңгімелер өткізіп, дәріс­тер оқыды, буклеттер таратты, тақырыптық ойындар ойнатты.
– Біз осының барлығын жасөспірімдер полицияның күнделікті қиын да күрделі жұмысын көздерімен көрсін, өмірлеріне ой түйсін, сөйтіп тәлімді тәрбиені бойларына сіңірсін деп ұйымдастырдық, – деді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бастығы, полиция подполковнигі Самал Ахметова.
Шараға Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, қалалық прокуратура, білім беру, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button