Қала тіршілігі

Қала тіршілігін талқылады



Елорда әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтіп, онда қоғамдық қауіпсіздік, көше тазалығы және жылыту маусымының барысына қатысты мәселелер қарастырылды.

Бірінші сұрақ, тұрғын үй құрылысындағы үлескерлердің мәселесі және проблемалық нысандардың құ­рылысын аяқтау мәселелеріне қатысты болды. Ол бойынша Астана қаласы әкі­мінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндама жасады.
«Ведомствоаралық комис­сиясында проблемалы нысандардың «Нұрлы жер» тұр­ғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу мәселелерін қарастыру бойынша жұмыстар жалғасуда» деді С. Хорошун. Оның айтуы бойынша, ВАК-тың үш отырысының қорытындысы бойынша «Елорда құрылыс компания­сы» ЖШС уәкілетті ұйымы­ның несиелік қаржы есебі­нен құрылысты аяқтау мүм­­­кіндігін қарастыру үшін ке­лесі нысандар нақтыланып, ұсынылды: олар – «Жағалау-3» ТК, «Жағалау-4» ТК, «Шығыс» ТК, «Столичный-2» ТК, «Пана» ТК және «Азбука жилья» АҚ 7 нысаны («Айсанам де люкс» ТК, «Садовые кварталы» ТК, «Гарант» ТК, «Comfort DeLuxe» ТК, «Жеті Жол» ТК, «Комсомольский» ТК, «Ди­нас­тия» ТК). «Рух» ТК, «Көктал» ТК, Көктал тұрғын алабы КТүК және «Аниса 2,3» ТК сияқты 4 нысан жеке инвесторлармен бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасасып, құрылысты «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыспай аяқтайтын болды» деп мәлімдеді Сергей Хорошун.
«Азбука жилья» АҚ нысан­дары бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС-не әлеуетті инвестордың болуы немесе болмауы жағдайында құ­рылысты аяқтау алгоритмін анықтау бойынша соңғы шешімге келу үшін барлық ТҚК қатысуымен жиналыс өткізу ұсынылды.
Төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, қала тіршілігін қам­тамасыз ету нысандарының ағымдағы жай-күйі және жылыту маусымының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Оның айтуынша, елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Энергия көздері нормативтік отын қорымен қамтамасыз етілген. Жылыту маусымының өтуіне қатысты барлық сұрақтар апта сайын өтетін қалалық штаб отырысында қарас­ты­рылуда. Тұрғындардың өтініштері мен өтінімдері ерекше бақылауда. Пәтерлердегі температура бағанының түсуіне жол берілген жоқ.
«Ауа температурасының күрт төмендеуі кезінде жо­ғары деңгейде жұмыс істей білген коммуналдық қызметтердің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Тиісті қорытындылар шығарып, алға жаңа міндеттер қою керек» деді елорда әкімі.
Дәрі-дәрмек тобы мен оның қоры туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев баяндап берді. Бүгінде қаланың барлық стационарлары қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. Бұл жағдай үнемі бақылауда тұр. Астана қаласы әкімінің орынба­сары Малика Бектұрова жанар-жағар май мен көмір нарығындағы жағдай туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, Астана станциясына 15, Қырқыншы станцияға 8 вагон көмір жеткізілді.
«Бүгінде қалада жанар-жағар майдың 13 күндік қоры бар. Барлық операторлар қазақстандық АИ 92 бензиніне бағаны төмендетті. Жеткізу және сату бойынша кедергілер жоқ. Жанар-жағар май мәселесіне келсек, елорданың ЖЖМ нарығы үнемі ба­қылауда» деді М. Бектұрова.Астанадағы криминогендік жағдай және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар бо­йынша Астана қаласының Ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев мәлім етті.
«Өкінішке қарай, өткен аптада жол-көлік апаты саны артты. Жалпы, 11 оқиға тіркеліп, соның салдарынан 16 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды және екі ірі жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты. Ал таңғы сағат 8:00-де әуежайға барар жолда қыз баланы көлік қағып кетті. ІІД жедел-тергеу тобы тез арада оқи­ға орнына жетіп, мән-жайды анық­тады» деді департамент бас­шысы.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық ІІД басшысы Марат Қожаевқа тез арада соңғы жол-көлік апатының себептерін саралап, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізуді тапсыр­ды.
Қаланы абаттандыру сұ­рақ­тары бойынша Алматы, Есіл, Сарыарқа ауданының әкімдері баяндама жасады.

 




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button