Мәдениет

Қаламгерге ескерткіш тақта қойылды

Жақында мінезді журналист, сатирик Жұматай Сабыржанұлының құрметіне өзі тұрған Жұмабек Тәшенов көшесіндегі 7-үйге ескерткіш тақта қойылды.

Тақтаның ашылуында сөз алған ақын Жұмаш Сомжүрек: «Мұндай игілікті іс кез келген адамның үлесіне тие бермейді. Жұмабек ­Тәшеновті барша жұрт жақсы біледі. Кеңес дәуірінде қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалған тұлға. Осы көшенің бойында Жұматайдың ескерткіш тақтасының тұруында бір символикалық ұқсастық бар» десе, қаламгер Қайсар Әлім: «Бұл қазақ оқырмандарының ілтипаты деуге болады. Жұматай қысқа өмірінде ұлтым деп, қазақ тілі мен әділдік үшін жан аямай күрескен дарынды азаматтың бірі еді» деп ойлы естелік өрбітті.
Жұматай Сабыржанұлы көзі тірісінде еліміздегі бірқатар газет-журналда еңбек етті. Әсіресе, оқырмандар оны егемендіктің елең-алаң шағында жарық көрген «Ана тілі» газетіндегі қысқа да нұсқа, езу тартқызар әзілмен өрген оймақтай, отты мақалалары арқылы жақсы біледі. Қаламгердің көзі тірісінде «Кәрі сайтан», «Өкпелесең, өзің біл» атты кітаптары жарыққа шықты. Кейін «Мен таныған шындық» деген жинағы басылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button