ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Қаңғыбас иттер қауып алмасын…



Қаңғыбас иттер мәселесі қаламыз­да ғана емес, еліміз үшін өзекті проблемаға айналғалы қашан. Әлемде де жануарлар шабуылынан алған жарақаттан құтырмаға тап болып, көз жұмған жандардың саны жыл сайын артуда.

1253475

Астана бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, иесіз жүрген иттердің тигізер зияны көп. Жыл басынан бері ит тістеп алу оқиғаларының 85 фактісі тіркелген болса,үй-күйсіз қаңғып жүрген жануарлардың саны 5 мыңға жуықтаған. Бұл мәселе бас қала­дағы қаңғыбас иттер мен мысық­тарды аулау тақырыбында өткі­зілген арнайы жиында сөз болды.
Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау, серуендету, сондай-ақ, иттер мен мысықтарды аулап, жою жайы осыдан екі жыл бұрын, 2015 жылғы 23 желтоқсанда бекітілген болатын. Уақыт өте келе өзгерістер мен толықтыруларды талап етіп тұрған бұл шешім биыл қайта қарауға түсті. «Астана қаласының қоғамдық ұйымдары мен тұрғындарының пікірлері ескеріліп, қолданыстағы Қағидаларға өзгерістер енгізу үшін арнайы комиссия құрылды. Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидаларының 5-тармағына иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттер тізімі кіріп, 6-тармағына иттердің иелері туралы да өзгерістер енгізілді» дейді «Астана ветсервис» кәсіпорны директорының орынбасары Айдархан Арыстанов.
Ендігі жерде қолданыстағы Қағидаларға сәйкес иттердің иелері 18 жасқа толған, ал ерекше жауапкершілікті талап ететін иттің иесі 21 жасқа толған адам бола алады. Сондай-ақ, қолданыстағы қағидалардан токсоплазмозға тексеру қажеттігі туралы тармақ алынып тасталыпты. Бұған қоса, Қағидалардың жаңа редакциясында қаңғыбас жануарлар, қараусыз жануарлар түсініктеріне өзгерістер енгізілді. Жануарларға арналған мемлекеттік баспана қаңғыбас иттер мен мысықтарды, қараусыз жануарларды немесе иесі бас тартқан жануарларды ұстауға арналған ұйым болады. Бұған дейін қолға түскен қаңғыбас иттер мен мысықтар 3 тәулік қана арнайы орында ұсталса, бұдан былай олар 60 тәулік бойы қамқорлықта болады.
«Қала басшылығы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып олардың бақыланбайтын санын анықтап, залалсыздандырып, арнайы баспана салу бойынша біршама шараларға кірісіп кетті» дейді Астана қаласы Ауыл шаруа­шылығы басқармасының басшысы Ардақ Досанов.
Статистикаға сүйенсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан 9 сәуіріне дейін «109» қызметіне қала тұрғындарынан 337 шағым түс­кен. Мамандардың айтуынша, азаматтардың қаңғыбас жануарларға қатыгездік көрсетуіне де қатысты шағымдар көбейіпті. Иттердің құтыру сияқты қауіпті ауруды тасымалдаушы екенін ескерсек, бұл проблема жан-жақты қадағалауды қажет етеді.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button