Жаңалықтар

БЕЛСЕНДІ ҰЙЫМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Астанадағы Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев экологиялық айлық пен Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шараларға белсенді атсалысқан ұйымдарды марапаттады.

– Мамыр айы мерекелерге толы болды, – деп бастаған сөзін аудан басшысы бір айға созылған сенбілікке аудан аумағында орналасқан барлық мекемелер өте ұйымшылдық көрсетті деп, оларға ризашылығын білдірді. Айлық аясында он төрт мың жарым ағаш отырғызылған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.
– Бүгін сіздерді әдейілеп шақырып отырмын. Әрбір іс шараларды үнемі қолдап келесіздер. Әсіресе, Жеңіс күні мерекесінде майдангерлерге ерекше көңіл бөліп, сый-құрмет көрсеттіңіздер. Қазіргі таңда ауданда 9 соғыс ардагері қалды. Қариялардың қатары жылдан-жылға сиреп барады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуы да жақындады. Көрме шеңберінде көптеген шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Бәрі де жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Барлықтарыңызға аудан әкімдігі атынан алғыс айтамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Сонымен, сенбілік пен Жеңіс күні аясында өткен акцияға елеу­лі үлес қосқан 40-қа жуық мемлекеттік мекеме мен ұйымдарға аудан әкімі алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button