Елорда тынысы

Қар тазалау қарқыны артты



Елордада көшелерді қардан тазарту жұмысы тәулік бойы күшейтілген тәртіппен жүргізілуде. Мәселен, 21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні қаладан 1 800-ден астам жүк көлігімен қар шығарылды.

22 желтоқсан күні таңертең елордада қар мен мұзды тазалауға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника, соның ішінде өзі аударғыш көлік, тиегіштер және т.б. жұмылдырылды.

21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қала көшелерінен 749 мың текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 61806 рейс жасалды.

Көлік қозғалысын реттеп, адамдардың еркін қозғалуы үшін маңызды міндеттің бірі – қарды уақытылы тазалау. Осы бағыттағы жұмыстардың қарқыны артты


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button