Басты ақпаратҚала мен Сала

Қардан тазарту қауырт жүруде



Қаңтар кіргелі елордада аяз күшейіп, күнде қар жауып, қала тұрғындарының жүріс-тұрысына үлкен қолайсыздық тудырды. Қала көшелерін қардан тазартып, көлік қатынасының іркіліссіздігіне кепілдік ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.

10 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. 9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1673 текше метр қар шығарылды. Ал 11 қаңтарға қараған түні елордадан 6,5 мың текше метр қар шығарылып, 537 рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигонға 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылып, көліктер 140 мыңнан астам рейс жасады.

Қалада қазір 30 градус аяз бәсеңдемей тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және көшеде ұзақ уақыт жүрмеуі керек. Жүргізушілер жолда өте сақ және мұқият болуы, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауы, көлік құралының техникалық жай-күйін бақылау­ды күшейтуі тиіс. Алыс жолға шықпаған жөн. Жолға шықпас бұрын дөңгелектің жай-күйі жол төсемінің жағдайына сай келетініне көз жеткізу керек. Қозғалыс кезінде жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс қарқынын, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктерін, олардың жай-күйін, жол және табиғи жағдайларды ескере отырып, көлікті абайлап басқару қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button