Басты ақпарат

Қатаң талап қойды

Астана әкімі Әсет Исекешев кеше Сарайшық көшесіндегі құрылыс қарқынымен танысты. Бұл көшенің ұзындығы 3 шақырымды құрайды, жол төсеніші 8 жолақтан тұрады.

Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде салынып жатқан Сарайшық көшесінің құрылысы ішкі магистралдық көлік ағындарын жеңілдетуді көздейді. Ең алдымен, ол Тұран даңғылындағы көлік қозғалысын 50 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Қала басшысы бұл көшедегі қозғалысты биылғы 1 шілдеде ашуды тапсырды. Ол, сондай-ақ, Бейсекова көшесінен Күмісбеков көшесіне дейінгі Жангелдин көшесі құрылысының учаскесін де тексерді. Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин мердігер ұйымның шарттағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан құрылыс жұмыстары созылып кеткенін мәлімдеді.
Әсет Исекешев нысанды аралап көріп, шартты бұзып, мердігер ұйымды сотқа беруді тапсырды. «Біз үнемі Астана тұрғындар үшін ең жайлы қалаға айналады дейміз. Осы жайлылық жол салушылардың жұмысына байланысты. Бұл құрылысты екінші жыл аяқтай алмай келесіңдер. Ауданда 15 мың адам тұрады. Кімде-кім өз міндетін атқара алмаса, Астанада жұмыс істемейді. Мұндай мердігерлермен шартты бұзамыз. Шара қолданыңдар!» деді әкім. Сонымен қатар, қала басшысына Қарасаз, Обаған, Арғанаты көшелеріндегі құрылыстың мерзімі кешіктірілгені жөнінде баяндалды. Әкім мердігерлерге 2018 жылдың соңына дейін Беларусь және Өзбекстан елшіліктері орналасқан көшелердегі қозғалысты ашуды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button