Ел тынысы

Қазақстан-Әзірбайжан инвестқоры құрылады

«Самұрық-Қазына» АҚ және Әзірбайжан инвестхолдингі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.✍️

Қорды құру жөніндегі стратегиялық әріптестік келісіміне Мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасына жасаған іс-сапары барысында қол қойды.🕯

Қор екі ел экономикасының дамуына ықпал ететін жобаларды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХТМ) дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыратын болады.📊

Жаңа қор АХҚО алаңында тіркеледі деп болжануда.
Қазіргі кезде тараптар болашақта Қор қаржыландыратын басым жобалардың тізімін қалыптастыруда.🟢

Әзірбайжан инвестициялық холдингі (АИХ) – Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік инвестициялық холдингі. 2020 жылы елдің ірі мемлекеттік активтерін басқару үшін құрылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button