Sport

ҚАЗАҚСТАН- АРГЕНТИНА: ПЛЕЙ-ОФФ



Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 15-17 қыркүйек күндері Дэвис кубогы үшін Қазақстан мен Аргентина құрамалары плей-офф матчын өткізеді.

Осы маңызды ойынның алдында қазақстандық теннисшілер «Замандас» аулалық клубының балалары үшін шеберлік сабағын өткізді.

Әлемдік топтағы үздік 16 команданың қатарындағы Қазақстан құрамасы осыған дейін Азия/Океания аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қытай құрамасын 4:1 есебімен жеңген болатын. Енді әлемдегі үздік сегіз құраманың қатарына қосылу үшін Аргентина спортшыларымен сынға түсетін болады.
Қазақстан құрамасы сапында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев өнер көрсетсе, Аргентина намысын Диего Шварцман, Гевидо Пелью, Массимо Гонсалес және Андреас Молтени қорғайтын болады.
Ойындар 15 қыркүйек күні сағат 12.00-де, 16-17 қыркүйек күндері сағат 14.00-де басталатын болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button