Жаңалықтар

Қазақстан дамуының іргетасы



Астанада «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның және қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Онда 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан мемлекеттілігі дамуының іргетасын қалағаны, адам құқықтары мен бостандықтарын бекемдегені атап өтілген.
– Құқық үстемдігі, Конституцияның биік мәртебесі, заң билігі – Қазақстанның бүгінгі таңдағы табысты дамуының және оның заманауи әлемде лайықты орынға ие болуының аса маңызды мәселесі. Қазіргі Конституцияның әлеуеті Қазақстанның одан әрі дамуына және әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына кіруіне ұзақ жылдар қызмет ететініне кәміл сенемін, – делінген Қазақстан Президентінің құттықтауында.
Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ресей, Түркия, Болгария, Латвия, Грузия және басқа да елдердің конституциялық бақылау органдарының, сот және құқық қорғау мекемелерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың, Қазақстанның ғылыми қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі құқық саласының сарапшылары қатысқан алқалы жиында Қазақстанның конституциялық құрылымындағы Мемлекет басшысының аса маңызды рөлі атап өтіліп, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Астананың қалыптасу және даму мәселелері талқыланды.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақ­стан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button