Қоғам

Ата заңнан арна алған

Ата заң – еліміздің басты құ­жаты, тәуелсіздігіміздің тірегі. Осынау Заң қабылданғаннан бері елімізде талай жүйелі өз­геріс орын алды. Соның ішінде елордамыз Алатау баурайынан Сарыарқа төріне қоныс ау­дарды. Ал 20 жыл ішінде бас қалада қарқынды құрылыс жүр­гізіліп, Астана адам танымастай өзгеріп, әлемдегі әдемі шаһарлардың біріне айналды.


Жалпы, «Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда «құ­ры­­лыс» деген мағынаны біл­діреді. Бұл тұрғыда Астананы салу және дамыту жұмыстары осы басты құжат аясында жү­зеге асырылуда.
Құрылысы қарқынды қала­ның дамуы 2007 жылдан бас­тап «Астана бас жоспары» ғы­­лы­ми-зерттеу жобалау инс­ти­ту­­тының шығармашылық ұжы­­­­­мы әзірлеген жаңа тұжы­рым­­дамалық жоспар бойынша жүргізілді. Осы уақытта тұр­ғын үй және азаматтық құры­лыс саласындағы ағымдағы жағ­­­дайды талдау, қаланың ау­ма­ғында кесте бойынша қыз­мет көрсету жоспарына жедел мониторинг жүргізу сияқты бір­қатар мәселелер шешімін тапты. Президенттің Жарлығы бойынша Астананың 2030 жылға дейінгі дамуы жөніндегі Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, 2009 жылдың 28 қаңтарында бекітілді. Оның бірінші кезеңі 2008-2011 жылдар аралығында болғандықтан, 2011 жылдың 30 шілдесінде Бас жоспарға өз­герістер мен толықтырулар ен­гізіліп, онда қала құрылысының негізгі қағидаттары көрсетілді. Содан «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу жөніндегі 2013-2018 жыл­дарға арналған іс-шаралар жос­парының 47-тармағына сәйкес, Бас жоспарға тағы да тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол 2016 жылдың 23 желтоқсанында бекітілді. Бас жоспар бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 миллион 200 мың халық тұрады деген болжам бар. Осыған орай қаладағы тұрғын үй құрылысының дамуы, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұ­мыс­тары жүргізілетін болады. Айта кету керек, Бас жоспарда конституциялық нормалар қа­таң сақталады.
Елбасымыз бір сөзінде: «Біздің басты парызымыз – Консти­туцияға ұқыпты қарап, өз елі­мізді, тарихымызды қалай құр­мет­тесек, оны да солай құр­­­меттеуіміз қажет» дейді. Яғни, тәуелсіз елдің мызғымас тұғырына айналған Ата заң – елдіктің киелі кітабы іспетті қастерлі құжат. Конституция – қазақ мемлекетінің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарының қай­нар көзі, бастау бұлағы, өміріміз­дің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп, мемлекет құруымыздың айғағы. Елор­да­лықтарды осынау елдік мереке, Конституция күнімен шын жүрек­тен құттықтаймын! Бар­­­ша­ңызға мықты денсаулық, от­ба­­сы­ларыңызға береке, ба­қыт тілей­мін! Астанамыз одан әрі көркейе берсін! Еліміздің азат­­­тығы мәңгілік болсын!

Сәрсембек ЖҮНІСОВ,
«Астана бас жоспары»
ҒЗЖИ» ЖШС директоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button