Әлеумет
Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим орнатқаны туралы ақпарат рас па?
Әлеуметтік желідегі ақпарат – жалған
Арман САПАРБЕК, құрылысшы:
– Қазақстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим орнатқаны туралы ақпарат рас па?
Оқырман сұрағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми жауабын ұсынамыз:
Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізілген жоқ. Ғаламтор желісінде бұл мәселе туралы таралған ақпарат жалған әрі арандатуға теңеледі.
Қазақстан Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұзарту туралы, сондай-ақ Қытайға барғысы келетін қазақстандықтар үшін дербес виза ресімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.