Sport

Қазақстан жеңіске жетті



561d811e41d53

Футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі мәресіне жетті.

А тобында ойнаған Қазақстан құрамасы соңғы матчта Латвия қомандасын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы – Исламбек Қуат. Сырт алаңда жеңіске жеткен жерлестеріміз топтық бәсекеде бесінші орын алды. Бұрындары көш соңында қала беретін құрамамыз үшін бұл көрсеткішті жетістік деуімізге болады.
Кәрі құрлықтың бас жүлдесін сарапқа салатын 20 құрама бүгінде белгілі болып отыр. Енді төрт команда қосымша ойындардың нәтижесінде анықталады.
Сонымен ЕУРО-2016 ойындарына мына құрамалар іріктеліп шықты: Англия, Германия, Испания, Италия, Португалия, Бельгия, Түркия, Польша, Ресей, Австрия, Исландия, Чехия, Швейцария, Албания, Уэльс, Румыния, Солтүстік Ирландия, Словения, Франция құрамасы чемпионатты өткізетін елдің өкілі ретінде іріктеусіз өтіп отыр. Бір айтарлығы, топтық іріктеу бәсекесінде үшінші орын алғанына қарамай чемпионаттың финалдық кезеңіне тікелей жолдама алған Түркия құрамасының жанкүйерлері қазақстандық құрамаға алғыстарын жаудырды. Олай болатыны, егер Қазақстан жігіттері Латвия құрамасынан ұтылған жағдайда Түркия құрамасы тағы бір шешуші ойынға шығатын еді. Сондай-ақ, Голландия құрамасы 1986 жылдан бері бірінші рет Европа чемпионатына қатыспайтын болып отыр.
Ал қалған төрт орын үшін топтық турнирде жоғары көрсеткішпен үшінші орын алған Украина, Венгрия, Ирландия, Норвегия, Босния және Герцеговина, Дания, Швеция және Словения құрамалары сынға түседі. Бұл командалардың қайсы-қайсымен ойнайтынын анықтайтын жеребе тарту рәсімі 18 қазан күні Ньонда өтеді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button