Жаңалықтар

Бабың қайда, «Барыс»?

420b6a5aeb7c2cc94601892b1237d865

КХЛ чемпионатында сынға түсіп жүрген  елордалық «Барыс»  соңғы ойында «Адмирал» командасын жеңді.

Астана төріндегі «Қазақстан» спорт сарайында өткен бұл ойында жанкүйерлер сегіз голдың соғылғанын көріп, бір желпініп қалды. Соңғы кезде сылбыр ойын көрсетіп, бабына келе алмай жүрген астаналық хоккейшілер бұл матчта жерлестерін жерге қаратқан жоқ. Қайта қарсыластар қақпасына әр кезеңде қос-қостан гол соғып, жеңіске деген жігерлерін бір көрсетіп берді. Ал Найджел Доус деген шабуылшымыз хет-трик жасап, қошеметке бөленді.
«Барыс» бүгінде Шығыс дивизионында 11 орында, ал жалпы чемпионатта 23 орында тұр.
Кеше «Барыс» турнир кестесінде өзімен үзеңгілес келе жатқан «Амур» командасын қабылдады.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button