Басты ақпаратЖаңалықтар

ТАТУ КӨРШІЛІК ТАҒЫЛЫМЫ

a51ac37425f85e27f6284a6b8bd9c50c

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті.

– Сіздің Қазақстанға соңғы мемлекеттік сапарыңыз осыдан төрт жыл бұрын болды. Осынау уақыт аралығында біз қандай мәселеде де көзқарасымызды салыстырып, екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін түрлі орындарда шешіп отырдық. Қазақстан мен Ресей – әрдайым сенімді көрші болды. Мұндай игі байланыс жалғаса беретініне сенім мол, – деді Елбасы.
Екі елдің өзара байланысын дамытудың келешегіне тоқталған Нұрсұлтан Әбішұлы Сочиде бұл мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті құжаттар әзірленгенін, екі елдің қарым-қатынасы «ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы» іргелі келісім негізінде дамып жатқанын атап өтті.
Ал, Ресей басшысы Владимир Путин екі елдің байланысы серіктестік қана емес, толық мағынасындағы одақтастық қарым-қатынас деген байламын жеткізді.
Бүгінде ресейлік 6 мыңға жуық компания Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Бұл – долларлық эквивалентпен есептегенде, мол көлемдегі инвестиция жинақтау деген сөз. В.Путиннің айтуынша, екі жақты қарым-қатынастың барлық жағы тиімді даму үстінде. Бұған қоса, инновациялық технологиялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша бірлескен ірі жобалар да бар.
Ақордадағы келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекет басшылар брифинг өткізіп, бірлескен мәлімдеме жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл – достық пен ынтымақтастыққа құрылған, бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыру мәселелерін талқылауға, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға арналған кездесу болған.
Әлбетте, Қазақстан мен Ресей президенттерінің бұл жолғы жүздесуі бұрыннан қалыптасқан стратегиялық серіктестікке соны серпін беріп, тату көршіліктің тамырын одан әрі тереңдете түскені анық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button