Ел тынысы

Франция мен Италияда Қазақстанның Ұлттық музей көрмесі өтеді

Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттау мақсатында және биыл Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай 2024-2026 жылдары Франциядағы «Гиме» шығыс өнері музейінде және Италиядағы «Биеналле» музейінде ұлттық тарихи-мәдени мұралар көрмесін өткізу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл жөнінде бүгін Қазмедиа орталығында өткен алқа отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндап, ұлттық мәдениетті шетелде насихаттау бойынша қандай іс-шаралар өтетінін айтып берді.

Оның айтуынша, сонымен бірге, биыл әйгілі қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы атап өтіледі. Соған байланысты Ресейде арнайы көрме өткізу жоспарланып отыр.

«Одан бөлек, Тәжікстан мен Түрікменстанда Қазақстанның мәдениет күндері аясында «Қазақстан киносының күндері», суретшілердің көрмелері және басқа да іс-шаралар өтеді», – деді А.Балаева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button