СаясатЭкономика

ҚОЛДА БАРДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҮНДЕДІ



ERA_0239

Жақында Тәуелсіздік сарайында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Парламенті сенатының депутаты Серік Жақсыбеков, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов және болгар этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымовтың қатысуымен Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің маңызын талқылаған жиын өтті.

Жолдауда қамтылған жеті ба­ғытты жіліктеп айта келе, Қар­жы министрі Бақыт Сұлтанов: «Отандастарымыз түрлі шығын­дарды қысқартып, қолда барын үнемдеуге көшкені абзал. Өңірде қалыптасқан геосаяси, геоэкономикалық жағдайлар осыған итермелейді» деп мә­лім­деді. Бас қаржыгердің мәлі­метіне сенсек, Ресей эко­номи­касындағы тұрақсыздық бізге де әсер етпей қоймайды. Ал әлемдік нарықтың шатқаяқтауының алғашқы белгілері ел бюджетін  ықшамдауға алып келді.

«Біз осы бюджет жобасын Парламентте қараған кезде ағымдағы жылдың бюджетін 200 млрд теңгеге қысқарттық, келесі жылы да біраз шығыстарды қысқартамыз. Елбасы осындай сыртқы экономиканың проблемалары бізге де әсер ететінін алдын ала білгендіктен Ұлттық қордан қаражатты экономиканың өсуіне көмек беру үшін жіберіп отыр» деді Бақыт Сұлтанов. Алдағы үш жылда Қазақстанның барлық салалық әлеуетін жетілдіруге Ұлттық қордан 9 млрд доллар бөлінеді.

«Жолдауда айтылған әлеуметтік міндеттердің орындалуы – экономика дамуының кепілі. Ал қазіргі экономиканың негізгі тетігі – шағын және орта бизнес. Біз Елба­сының осы экономикалық саясатына келгенде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек» деп атап өтті Серік Жақсыбеков.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов пен болгар этно-мәдени бірлес­тігінің төрағасы Олег Дымов Президенттің Жолдауында ай­тылған өзекті тақырыптарға тоқ­тала келе, Қазақстандағы бей­біт қатар заманның орнауына Елба­сының ықпалы зор екенін айтты. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы қауіпсіздік мәселесі мен халықтар арасындағы достық, татулық туралы да сөз қозғап, Елбасының сая­сатын қолдайтындарын жеткізді.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button