Қала тіршілігі

Қоқыс тастаушыларға шара көріледі



Бұдан былай қалада белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға 1 млн 200 мыңнан астам теңгенің айыппұлы салынатын болды.

Дерек бойынша, жыл басынан бері белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын тастап, қар мен лас суды төккен 38 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеу мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар жүргізеді. Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде.
Мысалы, 18 ақпан күні полктің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері белгіленбеген орынға шаруашылықтың нәжіс суын төккен «ГАЗ 5307» маркалы автокөлігінің 28 жасар жүргізушісін қолға түсірген. Ол соған байланысты Әкімгершілік кодекстің 505-бабы бойынша жазаға тартылды. Сөйтіп, 10 айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Жүргізуші бұдан кейін қоқыстарды қайта жинап, қалалық қоқыс полигонына жеткізді. Осыған ұқсас фактілерге жол берілмес үшін құқық бұзушыға заңнаманың негізгі баптары түсіндірілді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button