Жаңалықтар

Қос тараптан қолдау



Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Халықаралық паралимпия­лық комитеттің президенті Эндрю Парсонспен кездесті.

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов елорда әкімдігі мен ҚР Ұлттық паралимпия­лық комитетінің бірлескен күшімен Астанада мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін заманауи паралимпия­лық жаттығу орталығының ашылғанын атап өтті.
– Қазіргі таңда Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар паралимпиялық спорт – өмірдің қиындықтарына қарамастан, адамның ел дамуына өзінің сүбелі үлес қоса алатындығын дәлелдеудің ең тиімді тәсілі. Мүмкіндігі шектеулі жандар қатысатын халықаралық жарыстарда Қазақстанның туы биікке көтерілгенде бойды билейтін мақтаныштан артық сезім жоқ шығар, – деді қала әкімі.
Қазақстанда паралимпия­лық спорт түрлерінің дамуына мемлекеттік мекемелердің қолдау көрсетуін жоғары ба­ғалаған Эндрю Парсонс:
– Астанадағы түрлі спорттық орталықтардың жұмысына, паралимпиялық жаттығу орталығының жұмысына тәнті болдым. Спорт кешендерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалыпты, – деді.
Сондай-ақ тараптар жазға қарай Астанада парапауэрлифтингтен әлем чемпионатын өткізу мәселесін талқылады.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button