Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен елорда басшысы Әсет Исекешев Астанадағы бірқатар сауда нысандарын аралады



Сапар барысында қала әкімі әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын ұстап қалу мәселесі ұдайы назарда болатынын атап өтті.

0b2f9a5467decbe124999c1e8a9

«Барлық базарлардағы бағаларға тұрақты мониторинг жүргізетін боламыз, сондай-ақ қала аумағында күн сайын жәрмеңкелер өткізіледі. Азық-түлік көліктерден сатылады. Көкөніс, жеміс-жидек, жарма және тағы басқа өнімдерді сату үшін көліктерге күнде «жасыл дәліз» ашылады. Қант, нан, ұнға келсек, бұл мәселе монополияға қарсы қызметпен бірге зерттеледі, оны бақылауға аламыз», – деді Әсет Исекешев.

Әкімнің айтуынша, бүгінде Қазақстанның өзге өңірлерімен ауыл шаруашылық өнімдерін елордаға жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Бағаларды ұстап қалуға бағытталған шаралардың алғашқы нәтижелері жақын күндері белгілі болады.

ҚР ҰЭМ Қуандық Бишімбаев өз базарларымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек екендігіне тоқталды. Сондықтан өндірушілер мен көтерме дайындаушыларды тартып, олармен қарым-қатынастарды реттеу қажет, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге жол ашады.

«Үкіметте нарықты реттеуге мүмкіндік беретін шекті баға тетіктері бар. Ол үшін бағаның шегін белгілеу керек, ал жергілікті органдар бөлшек және көтерме сау­да базарларында оны қамтамасыз етуі тиіс», – деді министр.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button