Жаңалықтар

Астанада бір апта ішінде мас күйінде жүрген 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

orig_blog_14612_0

Соңғы бір аптада Астанада қоғамдық орындарда арақ ішкен немесе мас күйінде жүрген 500 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, көпшіліктің мазасын алған 174 дерек тіркеліп, тыныштықты бұзған адамдарға айыппұл салынды.

Өткен 5 күн ішінде елорда көшелерінде қақырып-түкірген, қолындағы керексіз затын оңды-солды лақтырған 300 адамға ескерту жасалып, тәртіпке шақырылды.

Құрметті астаналықтар, қала ішін­дегі қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты көрсеңіз, немқұрайлы болмаңыз, көпшілікке ортақ тәртіп пен талапты ескермейтін адамдарға ескерту жасаңыз!

Елордамыздың әдемі әрі қауіпсіз болуы бәрімізге байланысты екенін естен шығармайық!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button