Ел тынысы

«Ғасырлар руханияты»

Астанада Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кеше Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де Сыр өңірінің рухани-мәдени орталығы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент мәжілісінің депуттары мен ғалымдар, зиялық қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, сала мамандары мен Астана қаласының мемлекеттік архивінің директоры Бимолдин Жангелді Бержанұлы қатысып өзінің жылы лебізін білдірді.

Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі 1939 жылы ашылған. Облыстық тарихи – өлкетану музейінің қорында 51239 көрме қойылымдары бар. Көрме қойылымдарында археология мен этнография, нумизматика, мүсін, қолданбалы өнер бұйымдары, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар топтамалары, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттары бар. Музей қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдары, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай.

Елордамыз Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ғасырлар руханияты» атты көрмеде Сыр елінің баға жетпес асыл қазынасы – өткеннің ізіндей, көненің көзіндей сақталып келген тарихи мұралары мен жазба деректері назарларыңызға ұсынылады. Атап айтар болсақ, музей қорында сақталған XVIII-XX ғғ. Стамбул, Каир, Қазан, Ташкентте жарық көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалармен танысуға болады. Сонымен қатар, Сыр өңірінен шыққан түркі халықтарына ортақ тарихи тұлға Қорқыт атаның жазба ескерткіші – «Қорқыт Ата кітабының» Дрездендік және Ватикандық нұсқалары және бүгінгі таңда авторлық төл қолтаңбасы сақталған «Шығыстың тірі сөздігі» атанған шайырлық даңқы қазақ жерінен асып, көршілес өзбек, қарақалпақ, тәжік елдеріне танылған Сыр бойынан шыққан жыр сүлейі Тұрмағанбет Ізтілеуовтің қолжазбалары да көрмеден орын алады. Сыр өңірінің тарихи тұлғалары Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің, Сейітпенбет әулиенің, Бұқарбай батырдың, Сердәлі бидің мөрлері, Қазанғап күйшінің, айтыскер ақын Манап Көкеновтың, жыршы Алмас Алматовтың және т.б. Сыр бойынан шыққан өнер иелерінің өздері қолданған музыкалық аспаптары қойылады.

Іс-шараның мақсаты – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорларында сақталған халқымыздың рухани қазынасы болып табылатын – көне құнды жазба мұраларымыз бен тарихи жәдігерлерімізді және киелі Сыр өңірінің рухани-мәдени тарихын насихаттау.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button