Ел тынысы

«Қауіпсіздік сағаты» жалғасып жатыр

«Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы шеңберінде елорданың білім беру ұйымдарында дәрістер, кездесулер және ата-аналар жиналыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осындай іс-шаралар қаланың барлық мектептер мен колледжерінде оқу жылы бойы өткізіледі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында 2024 жылғы 24 сәуірінде ZOOM платформасында Астана қаласы Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен бірқатар тақырыптар аясында онлайн кездесу өтті. Олар – «Балалар қауіпсіздігі», «Жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Жаз мезгіліндегі жолдағы, аттракциондағы, су қоймаларындағы қауіпсіздік» және т.б.
Кездесуге Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, Төтенше жағдай департаменті, Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы және омбудсмендер қатысты.
«Қауіпсіздік сағаты» жобасы аясында Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп, кәмелетке толмағандар, қаланың білім беру ұйымдарының ата-аналары мен педагогтері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалар қауіпсіздігі мәселелерінде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында әр спикер мен омбудсмен сөз алып, сүбелі дәрістерін жеткізуге тырысты.
Спикерлер мен омбудсмендер тарапынан сан алуан сұрақтар түсіп, қызу пікір-таласпен жалғасты.
Онлайн кездесуге 200-ден астам омбудсмен қатысты.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button