Ел тынысы

Бүгін – Чернобыль АЭС апатында қаза тапқандарды халықаралық еске алу күні

Жыл сайын 26 сәуірде Чернобыль АЭС апатында қаза тапқандарды халықаралық еске алу күні аталып өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осыдан тура 38 жыл бұрын Чернобыль атом электр станциясында әлемдегі ең ірі техногендік апат болды. Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға атсалысқандардың ерлігі мен жанкештілігі болмаса, апаттың ауқымы бұдан да арта түсуі мүмкін еді. Өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, олар адамдарды радиацияның зиянды әсерінен және одан әрі таралуынан қорғады.
Бүгін Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюшылар Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ардагерлермен жұмыс бөлімінің қызметкерлерімен бірге Чернобыль АЭС құрбандарын еске алды.
Дәл осы күні, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында әлемдегі ең ірі техногендік апат болды. Атмосфераға 190 тоннадан астам радиоактивті заттар шығарылды.
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, оның ішінде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлерге келесі көмек түрлері қарастырылған: (485 адам)
– қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру;
– тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 4 емхана арқылы (Шевченко көшесі, 1)
– санаторлық-курорттық емделу жылына бір рет (Қатаркөл санаторий);
– екі жылда бір рет тіс протездеу қызметтері;
– ай сайын 4,5 АЕК мөлшерінде (16 614 теңге) бөлінетін коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы;
– 26 сәуір (Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні) бірреттік төлем 45 АЕК (166 140 теңге).
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button