Мәдениет

Құнды туынды таныстырылды



Ұлттық академиялық кітапханада мәдениеттанушы-философ, PhD докторант Абылайхан Қалназаровтың «Шымкенттің жұмсақ күші» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Бір жылдан аса зерттелген аналитикалық-­ұсынымдық талдау еңбек ел тізгінін ұстаған барлық деңгейдегі басшылар мен идеологтарға нұсқаулық кітап ретінде әзірленді.

Бұл кітаптың теориялық базасы ағылшын ғалымы Саймон Анхольттің концепциясына негізделді, сондай-ақ Шымкент қаласы мысалында Қазақстан қалалары мен өңірлерінің брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын тұжырымдап, ілгерілету бойынша үлгілік ұсыным мен талдаулар жасалды. Яғни елдегі ірі мегаполис – Астана мен Алматы қаласының перспективалы жобалары мен даму келешегін жоспарлағанда таптырмайтын туынды.

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен белгілі журналист Зейін Әліпбек кітаптың тұсауын кесіп, көпшілікке ұсынды.

5 тарау, 432 беттен тұратын кітапта брендтік-­имидждік, идеологиялық және ұлттық құндылықтар қамтылды. Өңірлердің даму концепция­сын айқындаған мұндай кітаптарды көптеп шығару маңызды. Бұл туралы Төлеубек Мұқашев айтып, авторға алғысын білдірді.

«Контентті бейімдеу және өңірлік-қалалық БАҚ-пен жұмыс істеуге көп орын беріліпті. Бұл – аймақтық медиа нарықты дамытудың жалпы әлемдік үрдісі. Себебі жергілікті халыққа түйінді хабарламаларды неғұрлым тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Онда да жергілікті ерекшелікті, халықтың қалауын, про­б­ле­малар мен мүдделер, өзгелік дәрежесін, өңірлік немесе байтақтық маңызы бар жаңалықтарды жария етудің жеделдігін ескеру қажет. «Жұмсақ күш» соның жұмсақ әдіснамаларын біртіндеп тарқатқан. Бұл бір десек, екінші жағынан мұны түсініп оқыған адам кемі бір облыс немесе қаланың идеология жөніндегі орынбасары дәрежесіне дейін өсетін тәрізді. Мемлекеттік қызметте өмір бақи жүріп жинайтын тәжірибе мұнда шебер сипатталып, оп-оңай және түсінікті тілмен берілген» деп ойын тұжырды Зейін Әліпбек.


Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button