Мәдениет

Ерекше балаларға ертегі ұсынды

Астананың Қуыршақ театры «Дара» қорымен бірлесіп, нашар көретін және зағип балаларға аудиодескрипцияның көмегімен қазақ және орыс тілдерінде Г.Х.Андерсеннің «Түйме қыз» ертегісін ұсынды. Қойылымның сахналық нұсқасын Тоғжан Хасанғалиева мен Мейірім Арғымбаева жасады, қазақ тіліне аударған – Қуат Ежембек.

Қойылымның аудио­дескрипциясын дайындау идеясы – «Әлемді тану» атты жобаның бір бөлігі ғана. Мұның межелі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды, атап айтқанда, зағип және нашар көретін көрермендерді білімге, шығармашылыққа және мәдениетке қол жеткізуін қамтамасыз ету, қолдау көрсету.

Аудиодескрипция – зағип адамға ақпарат жеткізудегі маңызды құралдың бірі: айналасын сезінуге, құбылыс­тарды ауызша танып-білуге, ең қажетті дүниелерді жіберіп алмауға көмектеседі.

Бұдан бұрын бұл ертегі аталмыш театрда 3D форматында қойылған. Ал Түйме қыз оқиғасы баршаға бала кезінен таныс. Синтездік анимация және Қуыршақ ­театры өнерінің мүмкіндіктері пайдаланылған қо­йылым шытырман оқиғалар мен ғажайып сиқырға толы.

– «Түйме қыз» ертегісінің мақсаты ертегіні көру барысында кішкентай көрермендер сондағы оқиғаларға қатысып, өздері де кейіпкерге айналғандай ақиқат үшін күресетін болады. Кейіпкерлерге жанашырлық таныта отырып, бала өзінің және басқа адамдардың эмоциясын тануды үйренеді, – дейді көрсетілімді ұйымдастырушылар. Ал кейіпкерлерді Нұржан Ахметов, Айжан Садықова, Әбу-Самат Түсіпбаев, Салтанат Мағзым, Арайлым Жаудинова, Серікжан Есімбеков, Салтанат Пран сынды әртістер сомдады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button