Басты ақпарат

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛАТЫН ОРЫНДАР

Байқоңыр ауданында 4 орын белгіленген: «Нұрбереке-­555» ЖШС, Алаш тас­жолы, 30 («Көк базардың» артында); «Есжанов А.» ЖК, «Жайлау», Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі; «Шәушен» ШҚ, «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас­жолының 9-шақырымы; «Темеш» шаруа қожалығы, Нұр-Сұлтан-Софиев­ка тасжолының 7-шақырымы. Елорданың қал­ған аудандарында бір-бір қасапхана жұмыс істейді.
Сарыарқа ауданында – «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Есіл ауданында – «Алтын таға» базары, Қосшы ауылының алды, Алматы ауданында «Метро» СҮ (Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолы) маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылды.
Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі аға­йын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button