Басты ақпарат

Қыс маусымына сақадай сай

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов техниканың қысқа дайындығын тексеріп, «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларын мекеменің 11 жылдығымен құттықтады.

«Астанаэнергосервис» АҚ-ын таратудан үнемделген қаржы есебінен 120 арнайы техника сатып алынады. Осыны атап өткен қала басшысы алдағы қыс мезгілі мен жылу маусымы кезінде жұмыс ауқымы ұлғаятынын, осы мезгілде коммуналдық мекемелер әкімдік тарапынан қолдаусыз қалмайтынын айтты. «Кәсіпорын құрылған уақыттан бастап өте маңызды міндетті атқарып, елордамыздың тазалығын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосып келеді. Сіздер қыстың аязы мен жаздың ыстығына, қар мен жаңбырға қарамастан таңның атысынан кеш батқанға дейін қала жайлылығы үшін еңбек етіп жүрсіздер. Осы еңбектеріңіз бен осындай жұмыс қабілеттеріңізге қарап, көптеген қала тұрғындары, әсіресе, балалар үлгі алады деп ойлаймын» деді қала әкімі өз сөзінде.
Бұған қоса, қала жылдан жылға өсіп, тұрғындардың да талабы артып отырғанын айтып, автопарктер мүмкіндігінше жаңарып отыратынын атап өтті. Қала басшысы жұмысшыларға атқарып жүрген қиын да күрделі жұмыстары үшін алғыс айтып, денсаулық, отбасылық амандық-саулық тіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button