Қала мен Сала

РӘМІЗІҢМЕН РУХТАН!



Елорданың «Студенттер» саябағында Астана қаласы әкімдігінің және Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен патриоттық іс-шара өтті. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.

????????????????????????????????????

1992 жылдың 4 маусымы – ел тарихындағы айтулы дата. Бұл күн жыл сайын Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде тойланады.
«Патриоттық шараны ұйымдас­тыру – біз үшін үлкен құрмет. Рәміздер – ұлтымыздың, еліміздің бейнесі. Оны қорғап, құрметтеу – бүгінгі жастардың асқақ парызы» дейді Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаты Дана Көбенова. Оның айтуынша, шара кезінде 200-ге жуық адамның қатысуымен арнайы сауалнама ұйымдастырылған. Онда әрбір азаматтың мемлекеттік рәміздерді қаншалықты білетіндігіне назар аударылды. Нәтижесінде жастардың 85 пайызы оң білімдерін көрсеткен.
Патриоттық іс-шара соңында ­Алмас Кішкенбаев, Ринат Мальцагов, ағайынды Жүгінісовтер әсем әннен шашу шашты. Ал автошеруге қатысушылар «Студенттер» саябағынан бастап Есілдің сол жағалауына де­йін жүріп өтті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button