Sport

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ



Кеше «Алау» мұз айдыны сарайында үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында республикалық чемпионат басталды. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген 100-ден астам азамат қатысып жатыр.

nastolnyy-tennis

Спорттық іс-шараны қайырымдылықпен айналысатын «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Аталған қоғамдық бірлестіктің бас директоры Ольга Бахарева шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету екенін айтады.

– Өкінішке қарай, біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды шеттетіп жататын оқиғалар кездесіп жатады. Бұл, әрине, аталған адамдарға өте ауыр әсер етеді. Сондықтан да біз оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіндіру үшін спорттық іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Мәселен, біздің ұйым олимпиадалық спорт түрлерінен әртүрлі жарыстарды жыл сайын ұйымдастырып отырады. Осының арқасында мүмкіндігі шектеу­лі азаматтар денесін шынықтырып әрі қуанып жатады, – деді ол.

Ольга Бахареваның айтуынша, спорт мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеу­меттік және рухани дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сол себепті олар байрақты бәсекеде ерекше белсенділік танытады. Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.

Серік  Жолдасбай




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button