Жаңалықтар

Санақтан онлайн өтуде



Жастар халық санағынан онлайн форматта өтіп жатыр.

[smartslider3 slider=639]

«Елорда жастары, оның ішінде Астана медицина университетінің студенттері халық санағынан онлайн өтіп жатыр. Жастарымыздың бәрі толығымен халық санағынан өтті» дейді Астана медицина университетінің студенті Айгерім Асылбек.
Ал «Тұран-Астана» университетінің студенті Дамир Бекметов халық санағынан онлайн түрде өткенін айта келе, оның қолайлылығына ерекше тоқталып өтті. Сөз арасында тіпті үйден шығудың да қажет еместігін баса айтты.
«Қазір елордалық студент жастар және барлық елорда тұрғыны халық санағының онлайн жеңілдетілген форматы арқылы тіркеуден өтіп жатыр. Ал елордада барлық ЖОО өз студенттерімен бірлесе отырып, онлайн процесті жүзеге асырып жатыр. Қазір Нұр-Сұлтанда халық санағын іске асыруға 1000-нан аса жас жұмылдырылған. Олар өздеріне берілген аумақтар бойынша ақпараттандыру жүргізіп, қажетті сұрақтарына жауап беріп, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына септігін тигізуде» дейді қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Темірбеков.
Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түскен. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды.
https://www.youtube.com/watch?v=xYdoYKQ_lwY


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button