Жаңалықтар

Оң нәтиже көрсетті

«Динамо» аула клубында 100-ден аса бала тәрбиеленіп жүр.

[smartslider3 slider=606]

«Аула клубына шахмат түрін енгізуді жоспарлап отырмыз. Әрі қарай баскетбол мен шағын футбол спорт түрлерін де енгізу ойда бар. Бізде қазір 100-ден астам бала жаттығып жүр. Жаттықтырушыларымыз өте беделді, есімі елге танымал. Мысалы, қазақ күресінің бапкері Ғани Сергебаев «Қазақстан барысы» жарысында 3-орын алған. Ол – самбодан, қазақ күресінен халықаралық спорт шебері. Қазір жастар арасында қазақ күресіне деген ұмтылыс байқалады. Ата-аналар да баласының спортпен айналысқанын қалайды» дейді «Динамо» дене шынықтыру, спорт қоғамы төрағасының орынбасары Болат Әбілдинов.
«Аула клубтары» әлеуметтік жобасы елордада 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Спорттық және шығармашылық секциялардың бәрі тегін. Тәрбиеленушілердің жас санаты – 7-29 жас аралығында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button